Сілтемелерді өткізіп жіберу

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Keruen-Medicus емханасына сапары

1 маусым күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Keruen-Medicus емханасына келіп, жаңа перзентхана корпусымен танысты.

Сапар барысында Мемлекет басшысына перзентхананың заманауи жабдықталуы, нәрестелердің дүниеге келуіне арналған қолайлы жағдайлар, сондай-ақ шұғыл және күрделі емханалық жағдайларда көрсетілетін медициналық көмектің мүмкіндіктері таныстырылды. Емхана ұжымымен кездесуде Президент медицина қызметкерлеріне атқарып жүрген жауапты еңбектері үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Сонымен қатар, осындай маңызды жобаның жүзеге асуына қолдау көрсеткен Nurbank, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі және Алматы қаласының әкімдігіне шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Олардың қолдауынсыз бұл жобаны жүзеге асыру мүмкін болмас еді.