2023 жылдың маусым айында жалпы ауданы 4 000 шаршы метрді құрайтын Keruen-Medicus емханасының жаңа корпусының ашылғанын қуанышпен хабарлаймыз.
Жаңа перзентхананың пайдалануға берілуі пациенттер ағынын тиімді бөлуге мүмкіндік берді. Жаңа ғимаратта әйелдер консультациясы, емхана және диагностикалық бөлімдер, жүкті әйелдер патологиясы бөлімі, босану және босанғаннан кейінгі бөлімдер, операциялық блоктар, сондай-ақ ересектер мен жаңа туған нәрестелерге арналған жансақтау бөлімдері орналасқан.
«Сәбі Әлемі» перзентхана бөлімі акушерлік көмекті жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік беретін ең заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Төсек-орын қорының ұлғаюы балалар және ересектер хирургиясы, нейрохирургия, ортопедия және травматология бағыттарын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.