Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Keruen-Medicus» медициналық орталығына жұмыс сапарымен келді. Keruen-Medicus медициналық орталығының жаңа ғимараты 2017 жылы пайдалануға берілді. Оның жалпы аумағы 10 000 шаршы метрді құрайды. Орталықта күрделі хирургиялық операциялар нақты уақыт режимінде 3D форматында жүргізіледі, бұл хирургиялық емдеудің дәлдігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Медициналық орталық халықаралық серіктестік аясында Severance Hospital (Оңтүстік Корея), Freiburg University Clinic (Германия), Seoul National University Bundang Hospital (Оңтүстік Корея), сондай-ақ Еуропаның жетекші емханаларының өкілі Puls Global компаниясымен бірлесіп медицина мамандарын даярлау және олардың кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстарын жүзеге асырады.