Сілтемелерді өткізіп жіберу

Катарға іскерлік сапар

«Керуен» компаниялар тобының Бақылау кеңесінің төрағасы Садықов Абай Маслахатұлы Доха қаласына жасаған іскерлік сапары барысында Қазақстанға инвестиция салуға қызығушылық танытқан бірқатар компаниялармен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында еліміздің барлық өңірлерінде халықаралық мектептер мен Keruen-Medicus емханалар желісін дамыту мәселелері талқыланды. Сапар аясында әлемдегі жетекші медициналық орталықтардың бірі саналатын Sidra Medicine емханасына да барды.

Бұл емхана жақында ғана салынған және оның құрылысына шамамен 8 миллиард АҚШ доллары жұмсалған. Медициналық орталықтың ауқымы, заманауи жабдықталуы мен мүмкіндіктері ерекше әсер қалдырады. Емхана әлемнің түкпір-түкпірінен жоғары білікті мамандарды жұмысқа тартқан. Тараптар Keruen-Medicus дәрігерлерінің Sidra Medicine базасында түрлі мамандықтар бойынша тағылымдамадан өтуі, аса күрделі емханалық жағдайдағы пациенттерді жолдау және медицинаның әртүрлі бағыттары бойынша тәжірибе алмасу туралы ынтымақтастық келісіміне қол қоюға уағдаласты. Осы іскерлік сапарды ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасының Катар мемлекетіндегі Елшілігіне шынайы алғысымызды білдіреміз.

Еліміздегі медицинаның да осындай жоғары деңгейге жетуіне сеніміміз мол.