email icon info@keruen-medicus.kz image image
icon arrow

Халықаралық интымақтастық

27 мамыр 2024

image

Әлемнің жетекші клиникаларымен халықаралық ынтымақтастықты дамыта отырып және Керуен-Medicus клиникасы мен Берлин қаласының Шарите университетінің клиникасы арасындағы серіктестік қарым-қатынас аясында біздің тарапымыздан профессор, медицина ғылымдарының докторы Вольфганг Генрих - Шарите клиникасының акушерлік департаментінің директоры және ультрадыбыстық диагностика жетекшісі шақырылды. Ұзақ уақыт бойы біз белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келе жатқанымызды және Керуен-Medicus С.Ж Асфендияров атындағы Мемлекеттік Медициналық университетінің клиникалық базасы болып табылатынын, сондай-ақ Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің базасы болып табылатынын назарға ала отырып, осы сапарда біз Алматы қаласының акушер-гинеколог стационарларының резиденттері, докторанттары мен дәрігерлері үшін семинар жоспарладық.  Семинарда акушерлік жағдайларды емдеу мен диагностикалаудың заманауи әдістері, халықаралық тәжірибе мен неміс дәрігерлерінің тәжірибесі жария етілді. Бұл семинар елден шықпай-ақ әлемнің жетекші клиникаларындағы шетелдік әріптестерден тәжірибе алудың тамаша мүмкіндігі болды.

Семинар тікелей форматта өтті. Профессорға көптеген сұрақтар қойылды, оларға профессор өзінің бай практикалық акушерлік тәжірибесіне сүйене отырып өз жауабын берді. Қала дәрігерлері күнделікті көмек көрсетуде практикалық акушерлікке көмектесетін, сондай-ақ еліміздің денсаулық сақтау саласын жақсартуға көмектесетін маңызды және қажетті білім алды. Мұндай семинарлар Алматы қаласының дәрігерлері үшін тұрақты болуы тиіс.

 

Бетпен бөлісу

Басқа жаңалықтар