Ваша заявка принята!
Спасибо!
Ваша заявка получена, мы свяжемся с Вами в ближайшее время!
Мы гарантируем сохранность Ваших личных данных
Біздің медициналық орталықта «Екінші пікір» жаңа қызметі іске қосылды
06 тамыз 2018
Қымбатты достар!
Қашықтық қазіргі уақытта сапалық медициналық қызмет үшін бөгет болып табылмайды.
Бұл сізге дәрігердің екінші пікірін алу қажет болғанда аса маңызды.
Медицина әлемінде екінші пікірді алу диагнозды және тағайындалған ем түрін растау үшін беделді маманға жүгінудібілдіреді. Бұл жаңа қызметті сіз 2018 жылдың мамырынан бастап біздің
“Керуен-Medicus’’ медициналық ортамызда ала аласыз. Қызмет неміс профессорымен қашықтықтан жазбаша консультация алу түрінде өтеді.
Екінші пікір қызметі қалай жұмыс істейді:
Қызықтыратын бағыт бойынша сарапшы дәрігер медициналық құжаттамаға, зерттеулерге, талдауларға, шағымның сипаттамасына және бүгінгі таңдағы жағдайыңызға негізделе отырып, қашықтықтан консультация береді. Консультация нәтижесі неміс профессорының жазбаша қорытындысы немесе жазбаша «екінші пікірі», оның емделу бойынша ұсыныстары мен Сізді қызықтыратын сұрақтарға жауабы болады.
Екінші пікір емделушілер үшін қандай жағдайда пайдалы болады:
- Германияға бармай, сіз қойылған диагнозды растай аласыз;
- тағайындалған емнің дұрыстығына көз жеткізе аласыз;
- дәрігердің кеңесін және емделубойынша ұсынысын алу;
- емделудің баламалы әдістері туралы білу;
- МРТ, КТ, ПЭТ-КТ радиологиялық зерттеулерін бағалай аласыз.
Негізгі медициналық бағыт:
-Гинекология;
-Урология;
-Гастроэнтерология;
-Неврология;
-Отоларингология;
-Эндокринология;
-Ортопедия;
-Педиатрия;
-Нейрохирургия және радиология;
-Онкология;
-Дерматология.
Сізге кім консультация береді:
Германияның үздік дәрігерлерінің топ 100 тізіміне кіретін Германияның жетекші профессорлары. Олардың арасында гинеколог, профессор Йорг Фальбреде, гастроэнтеролог, эндокринолог, профессор Динко Беркович, висцеральді хирург, профессор
Мартин Вальц, нейрохирург, профессор Мартин Шольц, сонымен қатар
көптеген басқа сарапшы дәрігерлер.
Қызмет құны 120 000 теңгені құрайды, екінші пікірді ұсыну мерзімі 5-7 күн. Төлем жүргізілгеннен кейін Сізге Сіздің жеке консультантыңыз хабарласады, ол неміс тіліне аудару үшін қажетті медициналық ақпаратты таңдауға көмектеседі, құжаттарды және Сіздің неміс дәрігерге сұрақтарыңызды дайындап, жібереді және оны орыс тіліне аударады, оны жеке Сізге береді. Дәрігердің жазбаша консультациясы дұрыс ем алудың кепілі болады.
Қызмет GHP PULSE. Халықаралық медициналық департаментінің қолдауымен ұсынылады.