×

Бізге хабарласыңыз

Шалбаева Айгүл Дүйсенқызы

Шалбаева Айгүл Дүйсенқызы

Жұмыс тәжірибесі

Медицинадағы жалпы – 22 жыл. "Керуен-Medicus"-те 2017 жылдан бастап.

Сипаттама

Директор

Медициналық ғылымдар кандидаты

Білімі:

Алматы Медициналық институтын «Емдік іс» мамандығы бойынша аяқтады (1990-1996 ж.ж.)

Медициналық ғылымдар кандидаты – 2001 жылы «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Денсаулық сақтау үздігі.

Біліктілікті арттыру курстары:

2000 жылы – Алматы Мемлекеттік институтында «Акушерлік және гинекология» мамандандыру бойынша дәрігерлерді жетілдіру;

2001 жылы – Алматы Мемлекеттік институтында «Әлеуметтік медицинаның өзекті мәселелері, денсаулық сақтауды басқару және ұйымдастыру» мамандандыру бойынша дәрігерлерді жетілдіру;

2002 жылы – Ауруларды бақылау және алдын алу бойынша Америка Орталығында (СВС) Халықаралық Даму бойынша АҚШ агенттігі (USAID) «Денсаулық сақтау тәжірибесінде ДДСҰ ұсынған тірі туылғандық және өлі туылғандық критерийлерін енгізу» тақырыбы бойынша;

2005 жылы – Алматы Мемлекеттік институтында «Денсаулық сақтауда басқаруды статистикалық қамтамасыз ету» мамандандыру бойынша дәрігерлерді жетілдіру;

2006 жылы ФРГ-іде, Берлин қаласы, басшы қызметкерлер үшін оқыту өткізілді;

2010 жылы Қазақстан-Неміс университетінде «Қаржылық менеджмент» мамандығы бойынша екінші жоғары білім бакалавриаты дипломын алды.

2010 жылы ҚР экономикасы саласындағы басшы қызметкерлер және менеджерлер үшін біліктілікті арттыру курсын өтті (Қазақстан-Германия);

2016 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау/ Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсын өтті.

Ғылыми еңбектері және өнертабыстары:

1. «Гемопоэздік дің жасушаларын алу тәсілдері» өнертабысына патент;

2. «Гемопоэздік дің жасушаларын төмен температурада криоконсервациялау тәсілдері».

Барлығы 50 мақала және 1 монография.

Еңбек қызметі:

Еңбек қызметін 1996 жылғы тамызда Алматы қаласының Теміржол ауруханасында дәрігер-гинеколог лауазымынан бастады.

Кейін 2000 жылы Қазақстан медициналық институтына акушерлік және гинекология кафедрасының аға зертханашысы болып ауыстырылды.

2000 жылғы қарашадан 2005 жылғы мамырға дейін «Семей медициналық орталығы» ЖШС-інде медициналық қызметті ұйымдастыру жөніндегі менеджер және директордың емдік жұмыс бойынша орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

 2005 жылғы мамырдан 2006 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Істер басқармасы Медициналық орталығының «Орталық клиникалық аурухана» РКМК ғылыми-ақпараттық бөлімінің меңгерушісі лауазымында қызмет атқарды.

2006 жылғы наурыздан 2014 жылғы маусымға дейін «Керуен-Medicus» ЖШС бірінші басшысы және «Керуен-Medicus» Медициналық орталығының бас дәрігері лауазымдарында қызмет атқарды.

2014 жылғы маусымнан 2017 жылғы желтоқсанға дейін «Керуен» ЖШС Бас директоры лауазымында қызмет атқарды, «Керуен» компаниясының тобын басқарды және:

- девелопмент;

- ересектерге және балаларға медициналық қызметтер көрсету;

- қызмет көрсету саласы;

- ауыл шаруашылығы;

- шырын және тосап өндірісі;

- қонақ үй бизнесі;

- тамақтандыруды ұйымдастыру, кейтеринг.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап «Керуен-Medicus» ЖШС басшысы болып тағайындалды.